ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызмеінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда қалың қар жауып, жолдың дұрыс көрінбеуіне әрі көктайғақ болуына байланысты Самар тасжолының бір бөлігі жабылды.
- Облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» (Тарғын мен Самар ауылдарының арасы) жолы барлық көлік түрлері үшін жабық болады. Жүргізушілерді өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығын алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін Күйік асуындағы жол жөндеу кезінде 191 млн теңге артық есептелгені хабарланған.