Калининград қаласының тұрғыны мешітті жарып жібермек болған
19:54, 29 Қараша 2011
АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Калининград қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері Дзержинский көшесінде жаңадан салынып жатқан мешітті жарып жібермек болған 20 жастағы дәнекерлеушіні қолға түсірді. Жас жігітті полиция және ФҚК қызметкерлері жексенбі күні 21.30 ұстаған.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.