Бұған дейін хабарланғандай, 4 қазанға қараған түні ат қорада 22 жылқы өртеніп кетті. Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, онда 26 жылқы болған, төртеуі құтқарылды.
Ал кәугерлер ат қорада 36 жылқы болғанын әлеуметтік желілерде хабарлаған. Жылқылардың иесі АҚШ-та тұрады. Жауапты адам ресми мәлімдеме жасаудан бас тартты.
Араб сәйгүліктерінің құны 50 мың рубльден млн. рубльге дейін екен.
Полицияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, алдын ала болжам бойынша ат қораны біреулер қасақана өрттеген. Қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Әзірге келтірілген залал сомасы хабарланған жоқ.