Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов - полковник Лукянов, актер Әбілмансұр Серіков - Пернебек Боранбаев, актриса Ақмарал Танабаева - Инга рөлдері үшін «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬДІҢ» дипломанттары атанды. Сондай-ақ, үш бірдей жеңіске қоса, «Тыраулап ұшқан тырналар» қойылымы «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ 2015» кубогы, яғни ГРАН-ПРИ жүлдесін жеңіп алды.
15:11, 06 Желтоқсан 2015
«Қаллеки» театры Мәскеудегі халықаралық театрлар сайысында бас жүлдеге ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қараша күні Қазақстан атынан Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өтіп жатқан «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ» XIII Халықаралық театр форумына «Тыраулап ұшқан тырналар» (Авторы: В.Ежов, реж.: Т.Теменов) лирикалық драмасымен қатысып, форум қонақтары мен көрермендер тарапынан ыстық ықыласқа бөленген болатын. Аталған Халықаралық форум бүгін өз мәресіне жетіп, қазылар алқасы өз шешімдерін тұжырымдады, деп хабарлады baistars.kz.