«ХХV жаңа маусым шымылдығын М.Әуезовтің «Абай» трагедиясымен ашпақпыз. Ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай 1-қазан күні театр өз көрермендерін осы спектакльді көруге шақырады. Жаңа маусымның жаңалығына келетін болсақ, театр ұжымы М.Әуезовтің «Қараш-қараш» әңгімесі бойынша жазылған драматург Қалихан Ысқақтың «Таңғы жаңғырық» шығармасының премьерасын ұсынбақ», - дейді театрдың баспасөз хатшысы Әсем Чапайқызы.
Дереккөзіне сүйенсек, театр сондай-ақ 2015 жылдың 21-26 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында өтетін Қазақстан драма театрларының XXIII республикалық фестиваліне қатысады. Театрлар фестивліне Астана, Ақмола, Қарағанды, Семей, Батыс Қазақстан қалаларының театрлары өз қойылымдарын көрсетеді.
24 қыркүйек күні сағат 18.00-де Қаллеки ұжымы В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасымен фестиваль шымылдығын жабады. Спектакль режиссері - ҚР халық артисі Талғат Теменов. «Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1 қазан күні сағат 17.30-да ХХV мерейтойлық жаңа мауысымның ашылуына орай баспасөз конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. Және де Атырау қаласында қазан айының 20-26 аралығында өтетін драматург, жазушы «Рахымжан Отарбаев» атындағы Театр фестиваліне «Нашақор новелласы» атты шығарма желісі бойынша сахналанған режиссер Нұрлан Жұманиязовтың «Көлеңкесіз жолаушы» психологиясымен қатысады» - деп хабарлады Әсем Чапайқызы.