Апат дүйсенбіде Жуков ауданында "Мәскеу-Малоярославец-Рославль" А-130 трассасының 99-шы шақырымында орын алған.
Алдын ала ақпаратқа қарағанда, Мәскеу жағынан келе жатқан "ВАЗ-21130" жүргізушісі жолдан өткен бұғыны қаққан. Ол жолдың екінші жағына құлап, қарсы келе жатқан Hyundai Solaris және Daewoo Lanos көліктерімен соқтығысқан.
Салдарынан 59 жастағы Daewoo жүргізушісі мен оның 26 жастағы жолаушысы қаза тапты. Бұғы да аман қалмады.