ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат – Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралының әкімшілік орталығы Саппоро қаласында қалың қар жауып, теміржол көлігі қозғалысы толығымен тоқтады. Барлығы 670 пойыз жолға шықпай қалды. Бұл туралы Kyodo агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жолаушылар автобустарының 70%-ы қар құрсауында қалды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, Саппоро ауданында мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған.
Қала орталығында жексенбі күні бір тәулік ішінде 60 см қар түскен. Бұл – рекордтық көрсеткіш, деп атап өтті агенттіктен.