Басқарманың мәліметіне сәйкес, Алматыда ауа температурасы күндіз 0…-2, түнде -4…-6 градус шамасында болады. Қалада тұман мен жолдарда көктайғақ бар.
Сондай-ақ, Алматыда көктайғақ құбылыстарын алдын алу мақсатында 204 құмшашқыштың кезекшілігі ұйымдастырылады.
Қар тазалау жұмысына барлығы 624 арнайы техника мен 1538 жол жұмысшысы жұмылдырылады.
«Мұз қатуы болжамына орай жолдың жүру бөлігінде, тротуарда көктайғақ пайда болуы мүмкін. Сондықтан тұрғын үй саясаты басқармасы автоәуесқойлар мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды өтінеді.
Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, көлік арасында қашықтықты арттырмауға және кенеттен маневр жасамауға кеңес береміз. Жаяу жүргіншілер тротуарда жүрген кезде көктайғаққа қатысты қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс», - деп ескертті қалалық тұрғын үй саясаты басқармасында.