Қалың қардың салдарынан Калгариде 170 жол апаты болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Канаданың батыс өңіріндегі Калгари қаласында (Альберта провинциясы) рекордтық көлемде жауған қар салдарынан 270-ке жуық жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Calgary Herald газеті жазып отыр.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, қалада267 апат болып, 17 адам зардап шеккен. Қардың қалыңдығы 30 см-ге жеткен. Мерт болғандар туралы ақпарат  жоқ.

Бұған дейін 1914 жылдың 4 қазанында осында ең көп қар түскен еді. Онда қалыңдығы 29,7 см болған.

Қазіргі уақытта көрші қалалардан де шұғыл көмекке келіп, бәрі қалың қарды аршып жатыр.