«Алматы облыстық «ҚазАвтоЖол» және «Қазақавтодор» ұлттық компаниялары филиалдарының мәліметінше, бүгін сағат 11:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қалың тұман, жолдың көрнбеуі нөлге тең) «Алматы – Өскемен» республикалық тасжолы (Қапшағай қаласы - Сарыөзек ауылы 76-161 шақырым) барлық автокөлік түрі үшін жабылды»,- делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осы орайда Алматы облысының төтенше жағдай департаменті азаматтардан аталған бағыт бойынша жолға шықпауға кеңес береді.
Айта кетейік, бүгін сағат 09:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолында (Төңкеріс ауылынан 34 шақырым, 118 шақырым Алавар ауылы) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс ашылды.
Еске сала кетсек, кеше сағат 20:00-ден бастап «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолы (34-118 шақырым, Төңкеріс - Лавар ауылы) ауа райының нашарлауына байланысты жабылған еді.