Қалың жауған қар Еуропаны әбіржітіп тастады

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қалың жауған қар Еуропаны әбіржітіп тастады - бірқатар елдерде әуежай жұмыстары тоқырап, жол қозғалыстары тоқтап тұр,

деп хабарлайды ВВС компаниясы.

Ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендеген Польшада сегіз қаңғыбас суықтан үсіп өлді.

Ұлыбритания, Франция және Швейцарияда бірқатар әуежайлар жабылды, ал Испания мен Германияда ондаған әуе рейстері кідіріп тұр.

Ауа райының салдарынан танымал адамдар да жапа шегуде: Испанияның премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеро 2018 жылы Әлем чемпионатын қабылдайтын елдердің тағдыры шешілетін ФИФА Атқарушы комитетінің Цюрихтегі дауыс беру жиналысына жете алмай отыр.

Мәскеуде температура 23,6 градусқа дейін төмендеді.

Ал Ұлыбританияның метеорологиялық қызметі елдің шығыс жағалауы мен бірқатар орталық аудандарда қалың қар жауатыны туралы ескерту таратты. Мыңдаған мектептер, Лондондағы Гэтвик әуежайы және Эдинбург әуежайы жабылды.

Құрлықтағы Еуропада қалың жауған қардың салдарынан Швейцарияның Женева әуежайы мен Франциядағы Лион әуежайы жабылды. Францияның 12 өңірінде жүк көліктерінің қозғалысы шектелді, Германияда бірқатар жолдарды қар басып қалды, кей өңілерде мектептерде сабақтар тоқтатылды.