Қалың жауған қар Украинада пойыздардың қозғалысына кедергі келтіруде

None
АСТАНА.  Желтоқсанның 20-сы.  ҚазАқпарат -  Украинада қалың  жауған қардың салдарынан  60 пойыз   кешігіп   жатыр,  оның 37-сі-  жолаушылар   пойызы.

Бұл туралы  елдің  Көлік    және  байланыс министрлігіне  сілтеме  жасап РБК агенттігі  хабарлауда.

Проблемалық  учаскелерде теміржол қозғалыстарын   қалпына келтіру  жұмыстарына 10   мыңға  жуық  адам атсалысуда.

Оған   қоса,    елдің   оңтүстік-шығысындағы   Одесса, Северодонецк  және  басқа да   қалалардың   әуежайлары уақытша  жабылып  отыр.

Қалың   жауған  қар  бірқатар күре  жолдардағы қозғалыстарды  қаңтарып тастады.     Жолдарды  тазалау   жұмыстарына   3 мыңға жуық техника мен 4,5 мыңнан  астам адам жұмылдырылып  отыр.