Қазақ өнеріне, қазақ журналистикасына өлшеусіз үлес қосқан жан қазақтың мәдениеті мен қазақтың руханияты үшін аянбай тер төкті. Коммунистік қоғамның ызғарына қарамастан, кеңестік идеологияның цензурасынан аттап өтіп, ол Ұлтына қажетті дүниені жасап, артына өшпес із қалдырды. деп жазады »Түркістан» газеті қазақ мәдениетінің марқасқаларының бірі - Камал Смайыловтың туғанына 80 жыл толуына орай.
13:51, 04 Мамыр 2012
Камал Смайыловтың туғанына - 80 жыл
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Оның қазақ киносының тарихында өзгеше ізі жатыр. Қазақ режиссурасының алыптарымен бірге қазақ кино өнерінде қайталанбас туындыларды дүниеге әкелген Камал Смайыловтың есімі қазақ мәдениетінің тарихында алтын әріптермен жазулы тұр.