Камала Харрис Калифорния губернаторы болудан үмітті
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Камала Харрис 2026 жылы Калифорния губернаторы сайлауына түсуді жоспарлап отыр. Бұл туралы The New York Times ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Report.
2026 жылы демократ Гэвин Ньюсом отставкаға кеткенде Губернатордың орны бос болады. Мемлекеттік сайлау 3 қарашаға белгіленген.
Басылымның хабарлауынша, Харрис өзінің партияластарына Калифорния губернаторы ретінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның саясатына қарсы тұра алатынын, сондай-ақ демократтардың құндылықтарын қорғай алатынын айтқан.
Харрис сонымен қатар 2028 жылы президенттік сайлауға түскісі келмейтінін мәлімдеді.
Дереккөздер Демократиялық партия мүшелерінің Харристің болашақ мансабына қатысты көзқарастары әртүрлі екенін айтады. Кейбір демокарттар оны 2028 жылғы президенттік сайлауға қатысуы керек деп санаса, басқалары «Камала енді өткен шақта қалған тұлға ретінде қабылданады» дейді.
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Қытайға баж салығын 145 пайызға дейін көтергенін жаздық.