«Камалжан Надыров биыл маусым айынан бастап Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымында болды. Ол өзінің жеке өтініші бойынша бұл қызметтен босатылды»,- деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Оның орнына басқарма басшысының міндетін атқарушы болып Жанар Мадеева тағайындалды.