«Кодекс жобасы екінші оқылымға талқылау барысында бірқатар маңызды нормалармен толықты. Мәселен, қоғамда бірқатар қызу пікірталас тудырған қамау жазасының ең жоғары мерзімі екі есеге, яғни алты айдан 90 тәулікке дейін қысқартылды», - деп атап өтті Мәжілістегі жұмыс тобының жетекшісі Нұрлан Әбдіров. Депутаттың айтуынша, Үкімет Әкімшілік кодекстен қылмыстық теріс қылық сипатындағы 58 құрамды Қылмыстық кодекске ауыстыруды ұсынғанын, алайда соның 10-ы қайтадан Әкімшілік кодекске ауыстырылатынын атап өтті. «Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2013 жылы осы 10 әкімшілік құқық бұзушылық түрлеріне қатысты 56 мың азамат қамауға алынған. Сонымен қатар, қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары еместігін ескере келе, 5 қылмыстық теріс қылықтың құрамынан қамау жазасы алынып тасталады. Бұл ретте айта кетерлігі, ішкі істер министрлігінің ұсынысы бойынша қамау жазасын 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу ұсынылады», - деді депутат.
11:38, 09 Сәуір 2014
Қамау жазасының ең жоғары мерзімі екі есеге дейін қысқартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Қылмыстық кодекс жобасында қамау жазасының ең жоғары мерзімі алты айдан 90 тәулікке дейін қысқартылып отыр. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұрлан Әбдіров мәлім етті. Еске сала кетейік, Мәжіліс бүгін Қылмыстық кодекс жобасын екінші оқылымда мақұлдаған болатын.