Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев мәлім етті.
«Қамауда отырған 3 адамның қашып кетуіне жол берген Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Атырау облыстық департаментінің тергеу орыны бастығының кезекші-көмекшісі А. Сүндетовты, режимдік корпус бойынша аға бақылаушы М. Іскендіровті, режимдік корпустың кезекші бақылаушысы Асхат Өтекешовты, сондай-ақ осы мекеменің бақылап өткізу бекетінің бақылаушысы Әділхан Жұмағазиевті айыптау жөніндегі қылмыстық істің сотта қаралуы аяталды»,-деді ресми өкіл. Атырау қалалық сотының биылғы жылдың тамызындағы үкімімен қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін Сүндетовке 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ал өз міндеттеріне немқұрайдылық танытқан қалған қызметкерлерге қатысты 1 жылдан бас бостандығынан шектеу үкімі шығарылды.
Атап айтқанда, аталған қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін орындаған кезде кезекшілік кестесі бойынша жауапты болатынына қарамастан, тиісті рұқсат пен бұйрық болмаса да режимдік корпус камераларының есіктерін ашық қалдырып, қамаудағы адамдардың қашып кетуіне ықпал еткен. Аталған қашқындар 1 тәулік ішінде ұсталып, тергеу орынына қайта қамалды.