Есірткі партиясы 10 мамырда Маңғыстау облысы бойынша есірткі бизнесімен күрес басқармасы қызметкерлерінің 23 шағын ауданда жүргізген жедел іздеу шаралары барысында тәркіленді. Үш ҚР азаматтары бар КамАЗ көлігі ұсталды. Олардың екеуі Жамбыл облысы Мерке ауданынан, үшіншісі ОҚО-дан.
«Полицейлер көлік кабинасын, борт бөлігін және көкөністердің арасын тінтті, салмағы 387 келі 680 грамм марихуанамен 14 қап, салмағы 6 келі 880 грамм гашишпен 3 пакет тәркіленді. Іздеу барысында ұсталғандар есірткіні Жамбыл облысында дайындап, пакет пен қаптарға салып, көліктегі көкөністердің арасын жасырғаны, сосын сату үшін Ақтау қаласын әкелгені анықталды», - деді басқарма қызметкерлері.
Облыстың ІІД баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева осы факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ұсталғандарға 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесілуі мүмкін.