Камбоджа үкіметі астанадағы даңғылға Си Цзиньпиннің есімін берді
АСТАНА. KAZINFORM — Камбоджа премьер-министрі Хун Манет сейсенбіде (28 мамыр) ел астанасы Пномпеньдегі негізгі жолға Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің есімі берілетінін хабарлады.
Сc-times.com хабарлағандай, Камбоджа үкіметі баспасөз хабарламасында Хун Манайдың сейсенбі күні Пномпеньдегі Үшінші айналма жолдағы Си Цзиньпин даңғылының ашылу рәсіміне қатысқанын хабарлады. Мәліметтер бойынша, Си Цзиньпин даңғылы айналма жолдың бірінші тас жолынан төртінші тас жолға дейінгі бөлігін қамтиды.
Камбоджа үкіметі бұл әрекеттін «осы елге жасаған ұзақ мерзімді қолдауы мен көмегі үшін Қытайға алғыс білдіру» деп түсіндірді.
Камбоджа премьер-министрі Хун Манет де Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жоспарының Камбоджаның әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізгенін айтып, екі ел арасындағы қарым-қатынастың «бір-бірінен ажырамас деңгейге» жеткенін баса айтты.
Си Цзиньпин даңғылы ұзындығы – 53 шақырым, ені – 22 метр, құны – 273 миллион АҚШ доллары. Оны Shanghai Construction Engineering Group салған.
Жоба Қытай үкіметі беретін жеңілдетілген несиелер есебінен қаржыландырылады, сонымен қатар Камбоджа үкіметі де қаражат береді.