Камбоджада 60-тан астам бала белгісіз аурудан ажал құшты

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат -  Камбоджа елінде 3 айдың ішінде 60-тан астам бала белгісіз дерттен көз жұмды. Камбоджаның денсаулық сақтау министрлігі мен Әлемдік денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей,

олар неврологиялық белгілері бар белгісіз ауруды зерттеу үстінде, деп хабарлады РБК.

Камбоджаның билік өкілдері мәлім еткендей, белгісіз дерт белгілерімен ауруханаға түскен 62 баланың 61-і көз жұмды.

Қазіргі уақытта жұқпалы аурудың таралуы бойынша бірде-бір оқиға тіркелген жоқ. Дененің жоғары температуда қызуы мен кеуде тұсындағы ауру және демалудағы қиыншылықтар сырқаттың негізгі белгілері болып табылады. Науқасқа шалдыққандардың ең үлкені небәрі 8-де. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы белгісіз аурудың пайда болғанына алаңдаушылық білдіріп отыр.