Камбоджада бақташы балалар X ғасырдың белгісіз ғибадатханасын тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Камбоджадағы Кампонг Чам провинциясында біздің дәуірге дейінгі оныншы ғасырдағы Ангкорск кезеңіндегі ғылымда белгісіз болып келген ежелгі индуистік ғибадатхананы тапқан, деп жазды дүйсенбіде Phnom Penh Post газеті.

Сиыр табынын жайылымға айдап келе жатқан ауыл балалары провинциялық астана маңындағы шағын төмпешік жанынан ежелгі мүсін сынықтары мен кесілген тас плиталар тапқан. Ауыл тұрғындары бұл жәдігерлер жайында полицияға, мәдениет, өнер департаментіне шұғыл хабарлады.

«Бұл төмпешік баяғыдан белгілі. Бірақ бұл жерде ежелгі ғибадатхана бар деп кім ойлаған. Таяу уақытта ауқымды архелологиялық экспедиция жасақтау туралы мәселені алға қоюды жоспарлаудамыз», - деп мәлімдеді Кампонг Чам провинциясы мәдениет және өнер депатаментінің директоры Сок Тхоук.