Камбоджада белгісіз аурудан 60-тан астам бала көз жұмды
00:05, 06 Шілде 2012
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Камбоджада үш айдың ішінде белгісіз аурудан 60-тан астам бала көз жұмды.
Камбоджаның Денсаулық сақтау министрлігі мен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы біріккен мәлімдемесінде неврологиялық белгілері бар өткір тыныс алу індетін зерттеп жатқандарын хабарлады. Елдегі билік көздердің ақпаратынша, ауруханаға бұл ауру белгілерімен түскен 62 баланың 61-і көз жұмды.
Қазіргі уақытта індетті жұқтырып алудың бірде-бір оқиғасы тіркелмеген. Бұл ретте ауырған балалардың ең көп саны Камбоджаның оңтүстік облыстарында. Аурудың белгілері: жоғары дене қызуы, кеуде қуысындағы қатты сыздау, сондай-ақ тыныс алудың нашарлауы. Сырқатқа ұшыраған балалардың ең ересегі 7 жаста еді. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы белгісіз аурудың пайда болуына байланысты алаңдаушылығын білдіруде.