«15:00-де барлық сайлау учаскелері жабылғаннан кейін алынған ресми емес нәтижелер бойынша, сайлауға қатысқандар саны 75,04%-ды құраған", - деді министр.
Камбоджаның қазіргі тарихында алтыншы рет өтіп жатқан Ұлттық ассамблея сайлауына 20 жергілікті партия қатысты. Көп дауыс жинаған саяси күш корольдіктің жаңа министрлер кабинетін құрады.
Камбоджа орталық сайлау комиссиясының дерегіне сәйкес, корольдіктегі 16 млн халықтың арасынан 8,38 млн азамат қазіргі сайлауда дауыс беруге құқылы.