Сидней университетінің археологтары LiDAR технологиясын пайдаланып, сенсациялық жаңалық ашты. Тікұшақтан лазерлік сәулелер жерге жіберіліп, арнайы оптикалық жүйемен өңделеді. Нәтижесінде жер астындағы нысандардың нақты картасын құрастыруға болады. Бастапқыда бұл технология әскери қажеттіліктер үшін жасалған. Ол қарсыластың су астындағы сүңгуір қайықтарын анықтауға көмектесті.
Ғалымдар Ангкор айналасындағы джунгли 900-1400 жылдық бірнеше қаланы жасырып тұрғанын анықтады. Олар бір-бірімен жолдар, су арналары арқылы байланысқан. Кейбіреулері ауданы Камбоджа астанасы Пномпеньнен де үлкен.
Бұл жаңалық ұлы кхмер империясы туралы деректерді толығымен өзгертеді.