Камчатка жағалауында бір сағат ішінде сегіз жер сілкінісі тіркелді

Фото: Сергей Фадеичев/ ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM — Камчаткадағы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің филиалы Telegram-арнасында түбек жағалауында бірқатар жер сілкінісі болғанын хабарлады.

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,5 пен 6,7 аралығында болды.

30 шілдеде Камчатка өлкесінде 1952 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі тіркелді. Түрлі мәліметтерге сәйкес, оның магнитудасы 8,7-ге жеткен. Солтүстік Курильсктің жағалау аймағына цунами соққы берді. Сонымен қатар, тынықмұхиттық аймақтағы бірқатар елдерде цунами қаупі жарияланды.

Чилиде толқындардың биіктігі 2,5 метрге дейін жетті. Жапонияда шамамен 2 миллион адамға эвакуациялануға жөнінде кеңес берілді. Гавай аралдарында 1,2 метрге дейінгі толқындар тіркелді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жаңа Зеландия парламентінің депутаттары Камчаткадағы жер сілкінісінен кейінгі цунами туралы ескертуге байланысты отырысты тоқтатуға мәжбүр болды.