30 тамыз күні Камчаткада атқылаған Карым жанартауының күлі 10 шақырым биіктікке көтерілді. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Қиыр Шығыс бөлімшесі Вулканология және сейсмология институтының Telegram-каналы да хабарлады.
— Жарылыс салдарынан Карым жанартауының күлі теңіз деңгейінен 10 шақырым биіктікке көтерілді. Күл шоғыры жанартаудан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырымға созылған, делінген хабарламада.
Авиация үшін қауіпті қызыл түс коды белгіленді. Жанартау белсенділігі жергілікті және халықаралық әуе қатынасына қауіп төндіреді.
Жанартау Камчатканың шығыс жанартау аймағының орталық бөлігінде, Петропавл-Камчатскийден 115 шақырым жерде орналасқан.