«Қайғылы оқиға 19 маусым күні Усть-Большерецк ауданындағы Плотников өзенінің қасында орын алды. Марқұм осында Петропавл-Камчаткадан балық аулауға келген демалушылардың бірі болған», - деді Бакаева. Қаза тапқан ер адамның жолдастарының айтуынша, өзен бойына тарап кеткен олар жанұшыра айқайлаған дауысқа көмекке ұмтылғанда аюды көрген. Одан кейін полицияны шақыртты. «Оқиға орнына келген ІІМ қызметкерлері жыртқыштың тырнақтары мен азу тістерінің іздері қалған ер адамның таланған денесінің үтінен шықты», - деген баспасөз хатшысының сөздерін келтіреді «Интерфакс».
Камчаткада бұл тағы аңдардың таралымы шамамен 20 мыңды құрап отыр.