деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Барлық алты жанартау бір мезгілде бу, газ және күл атқылауда. Қазіргі уақытта ғалымдар камчаткалық жанартаулар белсенділігінің артуы себебін анықтауға тырысуда. Олардың айтуынша, қазіргі уақытта түбек тұрғындары үшін тікелей қауіп жоқ, алайда жанартау атқылауы авиация үшін кедергі келтіруі мүмкін. Сонымен қатар, бақылаушылардың деректеріне қарағанда, Шивелуч кратерінде лава көбейген, бұл жанартау қаупін күшейте түспек.