Камчаткада Ключевск жанартауы қауіп туғызуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Камчаткада Ключевск жанартауының белсенділігі артып барады. Бұл туралы жергілікті сейсмостанса хабарлады, деп жазады ТАСС.

«Қазір Усть-Камчатскі ауданында қар аралас жаңбыр жауып тұр. Жанартауды қалың бұлт жапқан. Оның жағдайын көзбен бақылап, баға беру мүмкін емес. Алайда, сеймсостанса деректері жанартау сілкінісінің ұлғайғанын көрсетеді», - деп хабарлады агенттіктен.

Оның айтуынша, жанартаудан 30 шақырым жерде орналсқан Ключи кентіне жақын маңда күшті гуіл естіледі.

Тұрақты бақылау жасалынып отыр. Синоптиктердің болжамынша, 8-9 қаңтарда бұлт сейіліп, визуалды бақылауға мүмкіндік туады. Жанартау биіктігі теңіз деңгейінен 4 750 м. Ол - ғаламшардағы ең белсенді жанартаулардың бірі.