Камчаткада тікұшақ құлаған жерден 17 жолаушының мәйіті табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Камчаткада Ми-8 тікұшағы құлаған жерден 17 адамның денесін тапты. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Фото: Валерий Шарифулин/ ТАСС

«Қазіргі уақытта 17 мәйіт табылды. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деп хабарлады министрлік.

Бұған дейін хабарланғандай, кеше Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті. Әуе көлігі федералды агенттігінің мәліметі бойынша, бортта барлығы 22 адам: 3 экипаж мүшесі және 19 жолаушы болған.

Камчаткада жоғалған тікұшақтың қалдықтары табылды.