Камчаткада туристер сирек кездесетін ерекше түсті аю табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Камчатка өлкесінде ерекше ашық түсті, сұрғылт аю Интернет жұлдызына айналды. Желіде Камчаткада Быстрая өзеніне суға түсуге келген туристер екі қонжығын ертіп (біреуінің түсі аппақ екіншісі қоңыр) бара жатқан кірекейді (аюдың аналығы) түсірген суреттер мен видеороликтер пайда болды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

«Мен 40 жылдан бері қорықта аюларды бақылаушы болып жұмыс істеймін. Мұндай түсті аюды алғаш көруім. Ол альбинос емес, әрине, себебі оның мұрнының түсі қызғылт емес, қара. Өзі аппақ», - деді Кроноцкий қорығының аға ғылыми қызметкері Александр Никаноров.



Ғалымның айтуынша, аюдың жасы үшке толған. Ол жуырда жеке кетіп, өз ұрпағын көбейтуге кіріседі, оның ерекше ақ түсі ұрпақтарында жалғасуы мүмкін.
Бұл өлкеде арктиканың ақ аюы да кездеседі, алайда туристер бұл жолы сирек түсті қоңыр аюды жолықтырды. Әдетте Камчаткадағы қоңыр аюлар түсі қоңыр немесе ашық сарғылт реңкте болады.

A photo posted by Туризм на Камчатке (@visitkamchatka) on Aug 7, 2016 at 3:46am PDT