Камчаткада жанартау атқылап жатыр

None
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Камчаткадағы  Шивелуч жанартауынан атқылаған күл теңіз деңгейінен 7 шақырым биіктікке жетті.

 Бұл жайлы РҒА геофизикалық қызметінен хабарлады.

Жанартаудың атқылауымен қоса 12 минутқа созылған жер сілкінісі болды. Аспанды торлаған күл аралас қара түтін 414 шақырымға жайылды.

Шивелуч - Камчаткадағы ең белсенді жанартаулардың бірі. Ол Петропавловск-Камчаткадан 45о шақырым қашықтықта орналасқан.