Камчаткада жанартау оянып, атылған күл 6 километр биіктікке көтерілді
09:22, 31 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Камчаткадағы (РФ) Шивелуч жанартауы оянып, атылған күл 6 километр биіктікке көтерілді, деп хабарлады бейсенбі күні Ресей ғылым академиясы Қиыр-Шығыс бөлімі Жанартаутану және сейсмология институтының Камчаткадағы жанартау атқылауына әрекет ету тобы (KVERT).
«Күл жанартаудан батысқа қарай ұшты», - деп хабарланады сайтта.
РФ ТЖМ-нің өлкелік бас басқармасының мәліметтерінше, елді мекендерде аспаннан күл жаумаған.