Бұл туралы Камчаткадағы жанартау атқылауын бақылау тобы хабарлады.
– Бейнебақылау деректері бойынша, күл теңіз деңгейінен 6 шақырым биіктікке дейін көтерілді. Спутниктік мәліметтер жанартаудан шығысқа қарай созылған күл бұлтының ұзындығы 130 шақырымға жеткенін көрсетті, – деді ғалымдар.
Жанартаудың белсенділігі төмен биіктікте ұшатын әуе кемелеріне қауіп төндіруі мүмкін.
Ключевская сопка – Еуразиядағы ең биік белсенді жанартау. Оның төбесіндегі кратердің диаметрі шамамен 700 метр. Беткейлерінде 80-ге жуық жанама жарылыс кратері мен шлак конустары орналасқан.
Жанартау 15 тамызда атқылай бастады.
Бұған дейін Камчаткадағы Ключевская сопка жанартауы 6 шақырым биіктікке күл шашып, күл бұлты елді мекендер жоқ Озерный шығанағына қарай таралғаны хабарланған.
Сондай-ақ Этна жанартауы атқылап, Сицилиядағы әуе қатынасына кедергі келтірді.
Ал Неаполь маңындағы жанартаулық аймақта соңғы жылдардағы ең күшті жер сілкінісі болды.