Басылымның мәліметінше, Камчатка өлкесіндегі Шивелуч жанартауы теңіз деңгейінен шамамен 12 мың метр биіктікке күл шығарған. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Геофизика қызметінің Камчаткадағы филиалы «Макс» платформасында хабарлады.
— 18 шілде күні сағат 07:17 мен 07:32 аралығында (Астана уақытымен 09:17–09:32) спутниктік деректерге сәйкес, Шивелуч жанартауында теңіз деңгейінен шамамен 12 000 метр биіктікке күл атқылауы тіркелді, — делінген хабарламада.
Шивелуч — Камчаткадағы белсенді жанартаулардың бірі. Ол Ескі Шивелуч жанартауынан, ежелгі кальдерадан және белсенді Жас Шивелуч жанартауынан тұрады. Жанартаудың жасы шамамен 60–70 мың жыл. Ол Усть-Камчатка округіндегі Ключи кентінен шамамен 50 шақырым, ал Петропавл-Камчатский қаласынан 450 шақырым қашықтықта орналасқан.
Бұған дейін Индонезияда Дуконо жанартауы атқылағаннан кейін 20 турист жоғалып кеткені туралы жаздық.