Камчаткадағы Шивелуч жанартауының күлі 10 шақырым биіктікке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Камчаткадағы Шивелуч жанартауы екі мәрте оянып, одан шыққан күл 4,5 және 10 шақырымға дейін көтерілді. Бұл туралы Ресей ғылым академиясы Қиыр шығыс бөлімшесінің жанартау және сейсмология институтынан хабарлады.

«Шаң-тозаң шығыс-оңтүстік шығысқа қарай 35 шақырымға тарады. Жанартау атқылауынан елді мекендер зардап шеккен жоқ".

Шивелуч - Камчатканың солтүстіктегі жанартау. Оның негізі 1 мың 300 шаршы шақырымға жетеді, ауқымы 50 шақырымды алып жатыр.