Камчаткадағы жанартау оянып алты шақырым биікке күл-тозаң ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Ключевский жанартауы оянды, ол алты шақырым биікке күл-тозаң ұшырды. Жанартау жергілікті уақытпен 09:45-те атқылай бастаған, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

«Күл-тозаң теңіз деңгейінен санағанда алты шақырым биікке ұшты. Оны жел шығысқа алып барады. Жанартаудың атқылауы қашан тоқталатыны әлі белгісіз» , - деп РҒМ Геофизикалық қызметінің өңірлік филиалы хабарлады.

Ключевский  (4 750 м) жанартау 2016 жылдың сәуір айында оянған.

© Игорь Буймистров