Камчатканың шығыс жағалауында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM — Камчатканың шығыс жағалауында, яғни Еуразия құрлығының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Ресей аумағындағы түбекте 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп жазады ТАСС.

Камчатка жағалауында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, тұрғындар 5 баллға дейінгі дүмпуді сезінді. Бұл туралы аймақтық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

— Петропавловск-Камчатский қаласынан 98 км шақырым қашықтықта орналасқан. Тереңдігі — 48 км. Магнитудасы — 6,1. Құралдар арқылы алынған мәліметтер бойынша, өңірдің түрлі аудандарында зілзаланың әсері 5 баллға дейін сезілген, — делінген ресми хабарламада.

Аймақтың төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Сергей Лебедевтің мәліметінше, цунами қаупі жоқ.

Бұдан бұрын 20 қыркүйекте Камчаткада бір тәулікте 130-дан астам жер сілкінісі тіркелгені анықталды.