Сотта 17 жастағы П. ауыр қылмысқа қатысты іс бойынша кәугер ретінде жауап алу кезінде көрінеу жалған мәліметтер берді деп айыпталды.
Іс деректеріне сәйкес, 2017 жылы ол кезде 16 жаста болған кәмелетке толмаған П. сотта қарақшылық шабуыл жасағанын айтып, «кінәсын» мойындаған. Ол мұндай қадамға танысын түрмеден құтқарып қалу үшін барған.
Ол соттың, прокурор мен адвокаттардың жалған куәгерлік үшін жауапкершілікке тарту қарастырылатыны туралы ескертуіне құлап аспай, райынан қайтпаған.
Енді П. ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Ол 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды және оған 1 жылға пробациялық бақылау белгіленді.