Астана қалалық сотының мәліметінше, №1 автопарктің жүргізушісі А автобус салонындағы кәмелетке толмаған жәбірленуші К-нің дәрменсіздігін пайдаланып, зорлаған.
Негізгі сот талқылауынан кейін күдіктіге жәбірленушінің айғақтарымен, психиатр-психолог сарапшыларының қорытындысымен, К-нің заңды өкілінің айғақтарымен және сараптама қорытындысымен А-ның қылмысы дәлелденді.
« Сот А-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды таныған жоқ. Сот үкімімен ол ҚК-нің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1) тармағы бойынша жазаның ең жоғары мөлшеріне - педагогикалық және өзге де қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеумен 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды», - деп жазды ведомстводан.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.