Кәмелетке толмаған қыздың өгей әкесін өлтіруіне байланысты қылмыстық іс сотқа жолданды

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жұртшылық арасында үлкен дүрлігушілік тудырған, кәмелеттік жасқа толмаған Марусовскаяның өзінің өгей әкесі Александр Кравецті өлтіруіне байланысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков журналистермен болған апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, жасы кәмелетке толмаған қыздың ауыр қылмыс жасауына оның жолдастары мен тамыр-таныстары көмектескен. Қыз оларға 8 мың АҚШ долларын бермек болған.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш қылмыс өткен жылдың тамыз айында Қарағандыда болған. «Ал сотқа ол биылғы жылдың ақпан айының 15-і күні жолданды. Енді бұл іс бойынша соңғы шешімді сот шығарады», деді ресми өкіл.