20:05, 21 Мамыр 2009
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар азайып келеді ? Ішкі істер министрі
АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Соңғы уақытта кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар саны біршама азайды.
2004 жылы олар 6,5 мыңнан астам қылмыс жасаса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 5 мың 200-ді құрады. Бұл мәліметтерді бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, бұл мәселеде көптеген проблемалар бар. Жыл сайын ішкі істер органдарына заң бұзған 65 мыңнан астам адам түседі. «Ал жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстар азайғанымен мұндай келеңсіз жағдайлар әлі де бар. Ішкі істер органдарының арнайы есебінде қазір 19 мың кәмелетке толмаған жеткіншектер тұр. Олардың басым бөлігі жайсыз отбасыларының балалары», - деді министр.