Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, семинар-кеңес Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия, Астана қаласының Білім басқармасы, Ішкі істер департаменті өкілдерінің және аудандық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен өтеді.
15:49, 25 Қаңтар 2011
Кәмелетке толмағандар проблемасына арналған семинар өткізіледі
АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Астана қаласының прокуратурасы «Астана қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы жұмысының және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың профилактикасы, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу саласындағы құқық қолдану тәжірибесінің тиімділігі» тақырыбында семинар-кеңес өткізеді.