Камера журналисті снайпердің оғынан қорғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак журналисі Аммару Альваелидің өмірін бірнеше күн бұрын досы сыйға тартқан экшен-камера қорғап қалды. Ол  түсіріп жатқанда мергеннің оғы кеуде тұсына ұстаған аппаратқа тиген.

Пластмассаның сынған бөліктері оның бетін жаралады, бірақ репортер ажалдан аман қалды.

 Репортерлер тобына Мосул аудандарының бірінде (Ирак)  шабуыл жасалған. Видеода снайпер атқан оқтың журналистің кеуде тұсына тақай ұстаған  экшен-камераға тиіп, оны быт-шыт қылғаны түсірілген.