Бұл жайлы қауіпсіздік күштері дереккөздеріне сілтеме жасаған AFP агенттігі хабарлайды. Оқиға Лимбе қаласы мен Бакасси түбегінің арасында болды. Кеме түбекте орналасқан әскери базадағы құрылыс жұмыстарына қажетті құрылғыларды әкеле жатқан.
08:44, 17 Шілде 2017
Камерун жағалауында бортында элиталық сарбаздар бар әскери кеме аударылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Камерундық әскери кеме елдің оңтүстік батыс жағалауында аударылып қалды. Оқиға болған сәтте кеме бортында элиталы бригаданың ондаған сарбаздары болған.