Оқиғадан тағы да 70 адам жарақат алған, олардың бірнешеуінің халі ауыр деп бағалануда.
Ассошиэйтед пресс агенттігінің жазуынша, жанкештілер әйелдер болған, олар сауда жасайтындар секілді киінген.
Жарылысты әзірге лаңкестердің ешқайсысы мойнына алмады. Тәртіп сақшылары террактіні өңірдегі «Боко Харам» лаңкестер ұйымы ұйымдастыруы мүмкін деп болжап отыр.