Шамамен 70 жолаушысы бар автобус таңертеңгілік уақытта Фумбан-Яунде жолында жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан 37 адам қаза тауып, тағы 18-і ауыр жарақаттанған.
«Адамдар рождестволық мерекеден қайтып келе жатқан. Ал жолаушылардың бір бөлігі Жаңа жылды туыстарымен бірге қарсы алу үшін келе жатқан», - деп атап өтті Өңірлік әкімшілік мүшесі Абсалом Мононо Волоа.
Полицияның алдын ала болжамына сәйкес, жол-көлік оқиғасы автобус жүргізушісінің қателігінен орын алған. Тергеу жұмыстары жалғасуда.