Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Wollongong университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін, Астана IT университетін бітірген.
2015-2016 жылдары — «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ жоба бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
2016-2022 жылдары — «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ бас менеджері, аға менеджері, бөлім бастығы, департамент директоры.
2022 жылдың қаңтардан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін — «Qazinnovations» Инновациялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы.
2022-2023 жылдары — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі.