Камиль Куруглиев еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола алды
08:34, 09 Қыркүйек 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық балуан Камиль Куруглиев Испанияның Понтеведра қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Бұл туралы ҰОК жазды.
Еркін күрес шебері 92 келі салмақта жартылай финалға жетіп, ресейлік балуаннан жеңілген еді.
Кіші финалда Куруглиев ирандық Амиррезза Далириден 8:5 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстан қоржыны соңғы жарыс күнінде қола медальмен толықты.
Еске сала кетейік, бұған дейін еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханның 24 жылдан кейінгі тарихи алтынды жеңіп алғанын жазған едік.