Кәмила ширек финалдық белорустық Светлана Пираженканы 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Жартылай финалда Керімбаева матч жеңімпазы италияндық Ангелика Морателли және аустриялық Юлия Грабермен бақ сынайды.
Турнирдің жұптық разрядында Кәмила словакиялық теннисші Вивьен Жухажовамен бірге жартылай финалға дейін жетті. Олар ширек финалда итальяндық жұп Корина Дентони мен Беатрис Ломбардоны 6:1, 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Жартылай финалда қазақстандық-словакиялық жұп Қытай елінің намысын қорғайтын Чи-Ю Су және Бельгиядан келген Дебора Керфспен ойнайды.